Ол бұған дейін де Антикорда басшылық қызмет атқарып келді
Бокстан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
36 жастағы спортшы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Екі мәрте Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі мәрте жүлдегері. Бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанған.
Василий Левит 2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып жұмыс істеп келді. Ол Қостанай облысының тумасы. 2008-2021 жылдар аралығында бокстан ұттық құраманың мүшесі болған.