Оқиға 2026 жылғы 27 қаңтарда Қарағандыда болған
Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Данияр Елеусіновтің жұбайына қатысты апелляциялық шағымды қарады.
Сот бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, үкім заңды күшіне енді.
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 27 қаңтарда Қарағандыда болған. Әйел атасын балағаттауға қатысты мән-жайды анықтау үшін екі тұрғынның үйіне барған. Жанжал кезінде ол екі әйелге күш қолданып, оларды ұрып-соққан.
Бірінші сатыдағы сот әйелді Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Оған 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 432 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар сотталған әйел әр жәбірленушіге 500 мың теңгеден моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ одан жәбірленушілер өкілінің қызметіне жұмсалған 1 миллион теңге өндірілетін болды.