WBO 16 қыркүйекте промоутерлік сауда өткізеді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сауд Арабиясының танымал промоутері Турки Әл аш-Шейхке үндеу жасап, WBO чемпионы Хамза Ширазбен жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынды.
«Турки бауырым, мен сені әрдайым бокс әлеміндегі үздіктердің бірі деп санадым. Хамза екеуміздің жекпе-жегімізді ұйымдастыру туралы ойландың ба? Алғаш танысқанымызда маған үлкен жоспарың бар екенін айтқан едің. Меніңше, сол уақыт келді», — деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.
Қазақстандық пен Пәкістан текті британдық боксшының командалары келісімге келе алмаған. Осыған байланысты WBO 16 қыркүйекте промоутерлік сауда өткізеді. Сауданың бастапқы бағасы — 300 мың доллар.
Шираз бұған дейін Әлімханұлымен жекпе-жекке қатысты бірнеше пікір айтқанымен, кейінгі сұхбатында қазақстандық боксшымен рингке шығуға дайын екенін мәлімдеді.
Қос боксшының кездесуі былтыр Эр-Риядта өткен Артур Бетербиев пен Дмитрий Биволтың екінші жекпе-жегі аясында ұйымдастырылуы мүмкін еді. Алайда Шираз Әлімханұлымен емес, WBC чемпионы Карлос Адамеспен жұдырықтасты. Бұл кездесу тең аяқталды.
Riyadh Season аясындағы келесі ірі бокс кеші 31 қазанға жоспарланған. Оның басты жекпе-жегінде Сауль «Канело» Альварес пен Кристиан Мбилли екінші орта салмақтағы WBC белбеуін сарапқа салады.