Айдос Медеттің АҚШ-тағы келесі жекпе-жегі белгіленді

Ол тоғыз қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Медет АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізеді.

BoxRec мәліметінше, отандасымыз 23 қазанда Хьюстон қаласында, Техас штатында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы әзірге жарияланған жоқ.

Айдос Медеттің кәсіпқой бокстағы көрсеткіші — 13 жеңіс пен бір жеңіліс. Ол тоғыз қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген.

Қазақстандық боксшы соңғы рет 2026 жылғы 23 қаңтарда АҚШ-тың Лонг-Бич қаласында жұдырықтасты. Ол армениялық Азат Ованнисянмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліп қалды. Бұл Медеттің кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.

Айдос Медет кәсіпқой бокстағы жолын 2018 жылы бастаған. Ол жекпе-жектерінің басым бөлігін Қазақстанда өткізіп, 2025 жылдан бері АҚШ-та жаттығып жүр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам