Отандасымыз 4:1 есебімен есе жіберді
Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында бокстан әйелдер арасында 3 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жұдырықтасты.
54 келіге көтерілген отандасымыз 1/8 финалда Қытай өкілі Хуан Жаомен (Қытай) жолығып, 1:4 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Назым Қызайбай бұған дейін 2018 және 2023 жылы өткен Азиадаға да қатысқан болатын.