Оның келесі қарсыласы – өзбек боксшысы Турабек Хабибуллаев
Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғап жатқан боксшы Нұрбек Оралай (90 кг) ширек финалға жолдама алды. Бірінші жекпе-жегінде ол Ауғанстан өкілі Силаб Нуриді 5:0 есебімен жеңді.
Жекпе-жек тартысты өтті. Сарапшылар әуел баста Нұрбекті 100 пайыз фаворит санағанымен, рингте ауған боксшысы сенімді жұдырықтасты және соққыларын Оралбайға дәл тигізді. Дегенмен, жеке шеберлігінің арқасында отандасымыз қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетіп, жеңіске жетті.
Нұрбек Оралбайдың келесі қарсыласы – өзбек боксшысы Турабек Хабибуллаев.
Еске салайық, Азия ойындарына барған Қазақстан ерлер құрамасының екі боксшысы жарысты бірінші айналымда аяқтады. Алдымен Сабыржан Аққалықов (80 кг), артынша Оразбек Асылқұлов (60 кг) жеңілді. Қыздар құрамасынан Назым Қызайбай мен Виктория Графеева да жүлдесіз қалып отыр.