«Барыс» қатарынан екі матчта жеңілді

Енді Михаил Кравец шәкірттері 30 қыркүйекте Қазанда жергілікті «Ақ Барспен» кездеседі

Барыс ХК
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Астананың «Барысы» өз айдынында СКА-ны (Санкт-Петербург) қабылдап, 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

Матчтың бірінші кезеңінде қонақтар қатарынан үш шайба соқса, астаналық клуб қарсылас қақпасынан саңлау таба алмады. Ойын бастала салысымен – 56 секундта – СКА сапынан Бардаков есеп ашты. Ал, 7-ші және 16-минуттарда Плотников дәл соққысымен көзге түсіп, дубль авторы атанды.

Екінші кезеңде «Барыс» ойыншысы Всеволод Логвин есепті қысқартқанымен, питерлік клуб тағы екі шайба соқты да, матч тағдырын шешіп тастады. Мұнан кейін Логвин мен Симоновтың соққан голдары «Барысты» құтқара алған жоқ. Қорытынды есеп – 3:5.

Еске салайық, бұған дейінгі матчта астаналықтар өз айдынында «Нефтехимикпен» кездесіп, 3:6 есебімен жеңілген болатын.

Енді Михаил Кравец шәкірттері 30 қыркүйекте Қазанда жергілікті «Ақ Барсқа» қарсы ойын өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам