Серік Сәпиев қамалып қалған Данияр Елеусіновке қолдау көрсетті

Еске салайық, Данияр Елеусінов биыл екінші рет қамалып отыр

instagram.com/serik_sapiyev/
instagram.com/serik_sapiyev/

Алкогольді ішімдік ішіп, ұшақтың ұшуына кедергі келтіргені үшін қамалған даңқты боксшы Данияр Елеусіновке Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қолдау білдірді.

Айта кетейік, Данияр Рио Олимпиадасында 69 келіде чемпион болса, Серік Лондонда дәл осы салмақта топ жарған еді.

«Заң – баршаның негізі. Оның алдында бәріміз теңбіз. Ал, тәртіп спортта да, өмірде де маңызды.

Бүгін мен қиындыққа тап болған досым Данияр Елеусіновке осы қиын сәтте қолдау көрсеткім келеді.

Данияр – Олимпиада чемпионы. Ол өз еңбегімен, маңдай терімен Қазақстанды әлемге танытты. Оның еншісінде көптеген жеңіс бар.

Даниярға түсіністікпен қарап, құрмет көрсетуді сұраймын. Жағдайдың мән-жайы толық анықталып біткенше күтуіміз керек.

Мен Даниярға сенемін, оның тезірек қатарға қосылып, жанкүйерлерін жаңа жеңістерімен қуанта беруіне тілектеспін», - деп жазды Сәпиев өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, Данияр Елеусінов биыл екінші рет қамалып отыр. Бұған дейін әйгілі боксшы алкогольді ішімдік ішіп, көлігімен жол көлік оқиғасын жасағаны үшін ұсталған еді. Қамаудан шыққаннан кейін ол АҚШ-қа кеткен. Ал, осыдан бірнеше күн бұрын Алматы әуежайынан Астанаға ұшар сәтте Данияр ұшақтан ерте шығып кетіп, перронға рұқсатсыз кіргені үшін тағы қамауға алынды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам