Финал 2 қазанда өтеді
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.
Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан 1/2 финалда Шавкатжан Болтаевпен (Өзбекстан) кездесті. Алғашқы минуттан отандасымыз толықтай басымдықты қолға алып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 5:0.
Финал 2 қазанда өтеді.