Санатәлі Төлтаев Ақтөбеде ресейлік боксшымен жұдырықтасады

Санатәлі Төлтаевтың келесі жекпе-жегі 31 қазанда өтеді

instagram.com/irfin_promotions
instagram.com/irfin_promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Санатәлі Төлтаевтың келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды. Отандасымыз 31 қазанда Ақтөбеде ресейлік боксшы, Армения тумасы Петрос Ананянмен жұдырықтасады.

«Irfin Promotion» промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу бірінші жартылай орта салмақта өтеді. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Санатәлі Төлтаев кәсіпқой бокста төрт жеңіс пен бір жеңіліске ие. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін былтыр тамызда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізіп, украиналық Данило Лозаннан жеңіліп қалған.

Ал Төлтаевтың келесі қарсыласы Петрос Ананянның кәсіпқой рингтегі рекорды – 18 жеңіс, 4 жеңіліс және 2 тең нәтиже. Оның 9 жеңісі нокаутпен келген.

Ананян соңғы жекпе-жегін биыл 29 тамызда Сербияның Белград қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Алексей Шендрикке мерзімінен бұрын есе жіберді.

Осылайша, Санатәлі Төлтаев бір жылдан астам уақыттан кейін кәсіпқой рингке қайта оралады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам