Қазақ боксшысы «Канелоның» андеркардында жекпе-жек өткізеді

Бокс кеші 31 қазанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді

instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/
instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Әлі жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Бек Нұрмағанбет (16-0, 14 КО) келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні анықталды. Отандасымыз әйгілі Сауль Альварес пен Кристиан Мбилли арасындағы чемпиондық кездесудің андеркардында жұдырықтасатын болды.

Спорттық ивенттерді ұйымдастырумен айналысатын саударабиялық Турки Әл аш-Шейх аталған бокс кешінде өтетін жекпе-жектің толық тізімін жариялады. Бек Нұрмағанбет мексикалық Маркос Рамон Васкес Родригеспен (21-3-1, 10 КО) жұдырықтасады.

Бокс кеші 31 қазанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. Турки Әл аш-Шейх бұл ивентке «Мексика бүкіл әлемге қарсы» деген ресми атау берген. Оның аясында барлығы 10 жекпе-жек болады.

Еске салайық, Бек Нұрмағанбет соңғы жекпе-жегін Алматыда ресейлік Артыш Лопсанға (14-4-2, 9 КО) қарсы өткізген болатын. Отандасымыз ол кезде нокаутпен жеңіске жетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам