«Сылтау айтудың қажеті жоқ»: Мейірім Нұрсұлтанов Карлос Адамеске үндеу жасады

WBC қос боксшыға келісімге келу үшін 20 қазанға дейін уақыт берді

Brickhouse Boxing Club
Brickhouse Boxing Club

Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов WBC тұжырымында әлем чемпионы – доминикалық Карлос Адамеске үндеу жариялады.

Айта кетейік, WBC ұйымының басшылары Адамеске титулын қорғау үшін Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуді міндеттеген еді. Алайда, доминикалық боксшы келісімшартқа әлі қол қойған жоқ.

«Біз бұл жекпе-жекті күтіп отырмыз. Уақытты созуыңды қой, контрактіге қолыңды қойып, тездетіп рингке шығайық. Біз кез келген жерде, кез келген жағдайда жұдырықтасуға дайынбыз. Сылтау айтудың қажеті жоқ. Кел, бұл жекпе-жекті өткізейік», - деп жазды Нұрсұлтанов Instagram әлеуметтік желісінде.

WBC қос боксшыға келісімге келу үшін 20 қазанға дейін уақыт берді. Егер келісімге келе алмаса аукцион ұйымдастырылады.

Айта кету керек, Мейірім Нұрсұлтанов 18 қыркүйекте кіші Хесус Рамоспен жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда, америкалық боксшы бір күн қалғанда денсаулығының сыр бергенін айтып, рингке шығудан бас тартты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам