Фьюри мен Джошуа жекпе-жегінің билеттері 40 минутта сатылып кетті

Билет бағасы 120 доллардан 17 мың долларға дейін жеткен

boxing-social.com
boxing-social.com

Британдық бокс жұлдыздары Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасындағы көптен күткен жекпе-жектің билеттері сатылымға шыққаннан кейін небәрі 40 минутта толық сатылып кеткен. Кездесуге деген қызығушылықтың жоғары болғаны соншалық, билеттерді сатып алу үшін жүздеген мың жанкүйер кезекке тұрған.

Source of Boxing мәліметінше, билет бағасы 120 доллардан 17 мың долларға дейін жеткен. Дегенмен жоғары баға да бокс жанкүйерлерінің сұранысын бәсеңдете алмаған.

Сауд Арабиясының Бас ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх те жекпе-жекке деген қызығушылықтың ерекше болғанын атап өтті. Ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында билет алуға ниет білдіргендердің жалпы саны 700 мыңға жуықтағанын жазған.

Оның мәліметінше, 500 мыңнан астам жанкүйер Ticketmaster платформасында виртуалды кезекке тұрған. Ал тағы 170 мыңнан астам адам стадионның ресми сайты арқылы билет алуға әрекеттенген.

Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жек 11 желтоқсанға жоспарланған. Кездесу Уэльстің Кардифф қаласында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам