Бүгін тағы екі боксшы шаршы алаңға шығады
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензилық турнирде Римма Волосенко ширек финалға шықты.
Ол 1/8 финалда уругвайлық Камила Паоло Пинейродан басым түсіп отыр. Бұл кездесуде отандасымыз екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Ұлттық құрама мүшесі ширек финалға шыққан алғашқы қазақстандық боксшы болып отыр. Ол осыған дейін венгриялық Петра Сабо мен Тринидад және Тобаго елінің өкілі Тианна Гуиді ұтқан болатын.
Сондай-ақ, ерлерден 51 келіде Сәкен Бибосынов кениялық Давид Каранжа Мачариямен, ал 92 келіде Айбек Оралбай үндістандық Санжит Санжитпен кездеседі.