Ол 1/8 финалға жолдама алды
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензилық турнирде қазақстандық Сәкен Бибосынов екінші жеңісіне қол жеткізді.
51 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен кениялық Давид Каранжа Мачариямен кездесіп, төрешілер жеңісті бірауыздан отандасымызға берді.
Бұған дейін Токио олимпиадасының қола жүлдегері алғашқы жекпе-жегінде Гонконг елінің өкілі Каннет Хин Чун Тамға қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңген болатын.
Сондай-ақ, Римма Волосенко 1/8 финалда уругвайлық Камила Паоло Пинейродан басым түсіп, ширек финалға шықты. Аталған кездесуде отандасымыз екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.