43 жастағы Лара чемпиондық белбеуін бесінші рет қорғайды
Аустралиялық боксшы Тим Цзю 12 желтоқсанда Голд-Кост қаласында кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізеді.
Кездесуде орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Бұл туралы Premier Boxing Champions (PBC) промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады.
43 жастағы Лара чемпиондық белбеуін бесінші рет қорғайды. Сонымен қатар ол соңғы 18 жылда алғаш рет АҚШ аумағынан тыс жерде жұдырықтасады. Ал 32 жастағы Тим Цзю жеңіске жетсе, екінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атану мүмкіндігіне ие болады.
Бокс кешінің қосалқы жекпе-жегінде бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Джермелл Чарло аустралиялық Брок Джарвиспен кездеседі. Ал ресейлік Эльнур Самедов екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA белбеуін міндетті үміткер Лиам Уилсонға қарсы қорғайды.
Айта кетейік, Тим Цзю соңғы жекпе-жегін биыл шілдеде Сиднейде өткізіп, америкалық Эррол Спенсті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген. Осы кездесуден кейін Спенс кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтағанын жариялады.
Ал Эрисланди Лара соңғы рет 2025 жылдың желтоқсанында Сан-Антониода шаршы алаңға шығып, Йохан Гонсалесті үшінші раундта нокаутпен жеңген.
Еске салайық, Эрисланди Лараның бастапқы қарсыласы – WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы болуы тиіс еді. Алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты табылып, кездесу шұғыл түрде тоқтатылған.