WBO белбеуінен бас тартқан Хамза Шираз «Канеломен» жекпе-жек өткізгісі келеді

Шираз өткен аптада Эр-Риядта өткен бокс кешіне қатысқан

Getty Images
Getty Images

Ұлыбританиялық боксшы, екінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Хамза Шираз мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. 

Шираз өткен аптада Эр-Риядта өткен бокс кешіне қатысқан. Сол кеште «Канело» франциялық Кристиан Мбиллиді жеңіп, екінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған еді.

DAZN арнасындағы Майк Коппинджерге берген сұхбатында британдық боксшы мықтылармен күш сынасқысы келетінін айтты.

«Неге өзімді үздіктермен айқаста сынамасқа? Мен бұл спортқа ең мықты болу және „Канело“ секілді боксшылармен жұдырықтасу үшін келдім. Бұрын мұндай жекпе-жекті тек армандауға болатын. Күн сайын оянып, жаттығуымды бұрынғыдан да күшейтіп жүрмін. „Канеломен“ айқасу енді шындыққа айналып келе жатқандай», – деді Шираз.

Айта кетейік, бұған дейін Хамза Шираз екінші орта салмақтағы WBO чемпионы атағын Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте қорғаудан бас тартқан болатын. Британдық боксшы белбеуінен бас тартып, оны босатты. Енді Жәнібек бұл титулды датиялық Якоб Банкпен жекпе-жекте сарапқа салады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам