Бек Нұрмағамбет Сауль Альварестің өзіне көрсеткен қолдауы туралы айтты
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағамбет Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде мексикалық Сауль Альвареспен төртінші рет бір кеште өнер көрсетті. Бұл жолы Альварес басты жекпе-жекте Кристиан Мбиллиді жеңіп, екінші орта салмақта WBC чемпиондық белбеуін иеленді.
Нұрмағамбет бұған дейін аталған кеште Маркос Васкес Родригесті бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жанкүйерлердің назарын аударған еді. Қазақстандық боксшы сұхбатында жекпе-жек, Александр Усикпен әңгімесі және «Жыл нокауты» номинациясына қатысты пікірін бөлісті. Сондай-ақ Альвареспен қарым-қатынасы туралы да айтып берді.
«Иә, ол маған өте жақсы қарайды әрі үнемі қолдау білдіреді. Біз жақын дос болмасақ та, ол әрдайым назар аударып, пайдалы кеңестерін береді. Маған сәттілік тілейді, ал жақсы нәтиже көрсетсем, мақтап, құттықтайды. Мен оған осының бәрі үшін алғыс айтамын. Мен сияқты жас боксшы үшін бұл — үлкен мотивация. Ол мұның қаншалықты маңызды екенін түсінеді», — деді Бек Нұрмағамбет.
Айта кетейік, Нұрмағамбет бұған дейін екінші орта салмақта IBF чемпионы атанған Ослейс Иглесиасты жекпе-жекке шақырған болатын.