Бірінші кездесуін жерлесіміз техникалық нокаутпен жеңген болатын
Олимпиада жолдамасы үшін Италияда сынға түсіп жатқан Асланбек Шымбергенов екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты.
1/16 финалда поляк Дамиан Дуркачпен жұдырықтасқан Қазақстан құрамасының капитаны үш раундта да қарсыласынан басым болып, төрешілер жеңісті бірауыздан оған берді.
Енді 10 наурызда Асланбек 1/8 финалда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Олимпиадаға жолдама алу үшін ол әлі екі кездесуін жеңуі керек.