Хабиб Нурмагомедов інісі Усманды түрмеден босату үшін БАӘ билігімен келісімге келді

Усман мәселені Дана Уайт арқылы шешпек болған

Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы

Біріккен Араб Әмірлігі жуырда ғана 6 айға қамалған ресейлік файтер Усман Нурмагомедов пен оның достарын түрмеден босататын болды. Бұл туралы «Mash на спорте» телеграм-каналы жазған.

Дереккөздің мәліметінше, UFC-дің экс-чемпионы, Усманның немере ағасы Хабиб Нурмагомедов БАӘ билігіне өтініш айтып, спортшыларды кешіруді сұраған. Арабтар Хабибтің сөзін жерге тастамапты. 

Белгілі болғандай, Мераб Двалишвилиді жабылып ұрғаннан кейін Абу-Даби полициясы Усман мен оның достарын түгел ұстаған. Дағыстандық файтер проблеманы өзі шешпек болыпты. Алайда, тәртіп сақшыларымен келісе алмаған. Мұнан кейін араға Магомед Анкалаев пен Хамзат Чимаев түскен. Олар грузин файтері Мераб Двалишвилиге қысым жасап, кешірім беруін талап етіпті. Мераб күні кеше БАӘ билігіне үндеу жасап, қамалған спортшыларды босатуын сұраған. Алайда, оның бұл өтініші жауапсыз қалды. Тек араға Хабиб түскеннен кейін ғана Нурмагомедов пен командасын бостуға келіскен.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Абу-Дабидегі қонақ үйлердің бірінде Усман Нурмагомедов бірнеше досымен келіп, Двалишвили мен оның серігін соққыға жыққа. Артынша жергілікті сот спортшыларлы тексеріп, кінәлілерді алты айға қамады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам