Тараз қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. 6 қарашада өткен финалдық жекпе-жектерден кейін ерлер мен әйелдер арасында 20 салмақ дәрежесі бойынша ел чемпиондары мен жүлдегерлері белгілі болды.
Ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
- 50 келі: Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы) – алтын, Диас Берікбай (Жетісу облысы) – күміс, Даниал Сәбит (Батыс Қазақстан облысы) мен Дамир Әбдіқадыр (Маңғыстау облысы) – қола.
- 55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) – алтын, Бексұлтан Хужанжар (Шымкент) – күміс, Нұрислам Бекен (Қарағанды облысы) мен Тимур Қабдешов (Ақмола облысы) – қола.
- 60 келі: Әділбек Қожахан (Жетісу облысы) – алтын, Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) – күміс, Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы) пен Рамазан Орынбасар (Жамбыл облысы) – қола.
- 65 келі: Абзал Серік (Шымкент) – алтын, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) – күміс, Илья Калинин (Жамбыл облысы) мен Ертуған Зейнуллинов (Алматы облысы) – қола.
- 70 келі: Фарух Тоқтасынов (Алматы) – алтын, Елнұр Сүйінбай (Жамбыл облысы) – күміс, Мұхит Нұрқабылұлы (Алматы облысы) мен Алмат Әбдуәли (Жетісу облысы) – қола.
- 75 келі: Нұрбек Мұрсал (Алматы) – алтын, Аман Қонысбеков (Түркістан облысы) – күміс, Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы) мен Акбар Қазақбай (Павлодар облысы) – қола.
- 80 келі: Санжар-Әли Бегалиев (Шымкент) – алтын, Өнер Сейілхан (Батыс Қазақстан облысы) – күміс, Ерасыл Жақпеков (Абай облысы) пен Диас Молжігітов (Жамбыл облысы) – қола.
- 85 келі: Темірлан Мұқатаев (Астана) – алтын, Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы) – күміс, Бекнұр Батырбек (Алматы) пен Тимур Нұрсейітов (Астана) – қола.
- 90 келі: Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы) – алтын, Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) – күміс, Ілияс Жандау (Астана) мен Нурмагамед Юсупов (Қарағанды облысы) – қола.
- 90 келіден жоғары: Данияр Рахымбердинов (Алматы) – алтын, Ерсұлтан Сапар (Алматы) – күміс, Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) мен Аслан Елдібайұлы (Қызылорда облысы) – қола.
Әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
- 48 келі: Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды облысы) – алтын, Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) – күміс, Айым Танкибаева (Түркістан облысы) мен Анель Құдайбергенова (Жетісу облысы) – қола.
- 51 келі: Анита Адишева (Қарағанды облысы) – алтын, Жансая Рахымберді (Шымкент) – күміс, Елянур Тұрғанова (Алматы) мен Томирис Мырзақұл (Қарағанды облысы) – қола.
- 54 келі: Элина Базарова (Шымкент) – алтын, Назым Қызайбай (Алматы) – күміс, Жайна Шекербекова (Шымкент) мен Сымбат Әлиасқар (Жамбыл облысы) – қола.
- 57 келі: Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) – алтын, Шахназ Исаева (Алматы) – күміс, Алина Құдайгенова (Қарағанды облысы) мен Карина Ибрагимова (Ақмола облысы) – қола.
- 60 келі: Виктория Графеева (Алматы) – алтын, Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы) – күміс, Римма Волосенко (Астана) мен Аяжан Ермек (Қарағанды облысы) – қола.
- 65 келі: Аида Әбікеева (Қарағанды облысы) – алтын, Лаура Есенгелді (Шымкент) – күміс, Ақнәр Ищанова (Батыс Қазақстан облысы) мен Назерке Серік (Жамбыл облысы) – қола.
- 70 келі: Бақыт Сейдіш (Алматы) – алтын, Аружан Жаңабаева (Түркістан облысы) – күміс, Анастасия Баязитова (Қостанай облысы) мен Дана Дидай (Алматы) – қола.
- 75 келі: Шұғыла Нәлібай (Түркістан облысы) – алтын, Азиза Исина (Қарағанды облысы) – күміс, Жібек Жарасқызы (Жамбыл облысы) мен Жасмин Қизатова (Қарағанды облысы) – қола.
- 80 келі: Надежда Рябец (Қостанай облысы) – алтын, Айдана Убайдуллақызы (Қарағанды облысы) – күміс, Гүлсая Ержан (Қызылорда облысы) мен Құралай Егінбайқызы (Жетісу облысы) – қола.
- 80 келіден жоғары: Елдана Талипова (Алматы) – алтын, Дина Исламбекова (Қарағанды облысы) – күміс, Валерия Аксенова (Ақмола облысы) мен Әсел Тоқтасын (Алматы) – қола.