Боксшы Ақнұр Тұрсынғали Олимпиада алтыны үшін бақ сынайды

Жартылай финалда Украина өкілі Евангелина Петрукті жеңді

ҰОК
ҰОК

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер басталды.

Ақнұр Тұрсынғали 57 келіге дейінгі салмақта Украина өкілі Евангелина Петрукпен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Ақнұр Тұрсынғали Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін жұдырықтасады. Оның финалдағы қарсыласы бразилиялық Сара Кампос болмақ.

Айта кетейік, финал 12 қарашада өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам