Боксшы Бейбарыс Әшірбай Олимпиада алтынына таласады

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен жұдырықтасты

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Әшірбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңіске жетті.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті.

Осылайша Бейбарыс Әшірбай Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) ақтық сынға өткен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам