Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Жәнібек Әлімханұлы Роналдо және Моуриньюмен кездесіп, фотоға түсті (ВИДЕО)

09.03.2024, 13:12

Олар Сауд Арабиясында бас қосқан

Жәнібек Әлімханұлы Роналдо және Моуриньюмен кездесіп, фотоға түсті (ВИДЕО)
Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Эр-Риядта өткен бокс кешінің құрметті қонақтарының қатарында болды. Аталған кеште аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшылар британдық Энтони Джошуа мен камерундық Франсис Нганну жұдырықтасқан болатын.

Соңғы бірер жылда Сауд Арабиясы түрлі спорттық шаралардың отанына айналып үлгерді. Мұнда кәсіпқой бокс пен UFC турнирлері жиі өтіп отырады. Сондай-ақ, футболдан әлем жұлдыздары да саудиялық клубтарда доп теуіп жүр.

Осындай спорттық шоулардың бірінде өнер көрсеткен Джошуа мен Нганну небәрі екі раунд жұдырықтасты. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жектің екінші раундында британдық боксшы қарсыласын ауыр соққымен нокаутқа жіберді.

Ал, бұл кездесуді көруге келген әлемдік жұлдыздардың қатарында бразилиялық даңқты футболшы Роналдо, португалдың бапкер Жозе Моуринью, филиппиндік кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо, америкалық Тайсон Фьюри және британдық Амир хан сынды спорт жұлдыздары болды. Орта салмақта WBO және IBF чемпиондық титулдардың иесі Жәнібек Әлімханұлы аталған спортшылармен кездесіп, фотоға түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам