Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Энтони Джошуа Фрэнсис Нганнуды жойқын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

09.03.2024, 11:27

Камерундық боксшы бұған дейін Тайсон Фьюриден жеңілген болатын

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін британдық Энтони Джошуа Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен бокс кешінде камерундық аралас жекпе-жек шебері Фрэнсис Нганнуды жойқын нокаутпен жеңді.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі екі раундта аяқталды. Бірінші раундта Нганну бір рет нокдаун алса, екінші раундта британдық боксшының ауыр соққысынан сұлап түсті.

Осылайша Джошуа кәсіпқой бокстағы 28-ші жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ, үш рет жеңілген. Оның екеуінде – украиналық Александр Усиктен, бірінде – америкалық Энди Руистен.

Ал, Фрэнсис Нганну болса бұрын аралас жекпе-жекпен айналысқан. Кәсіпқой боксқа жуырда ауысқан ол әзірге екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалды. Бірінші кездесуде ол Тайсон Фьюриге есе жіберсе, бүгін Джошуадан жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам