Димаш Құдайберген WBC ұйымының құрмет белбеуіне ие болды

Димашқа мұндай құрмет көрсету бастамасын ұйым президенті Маурисио Сулейман көтерген

Dimashnews
Dimashnews

19 қарашада Мексиканың астанасы Мехико қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) арнайы құрмет белбеуі табысталды.

Бұл марапат өнер иесінің әлемдік деңгейдегі жетістіктері мен халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлегін мойындау ретінде берілді.

Салтанатты рәсімге WBC өкілдері кіші Гектор Сулейман, Хосе Антонио Арреола Сулейман, Виктор Сильва және ұйымдағы Қазақстан өкілі Әлихан Жарылғапов қатысты.

Айта кетейік, WBC-нің әйгілі жасыл белбеуін кезінде Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және кіші Рой Джонс секілді бокс аңыздары иеленген. Олардың қатарында қазақстандық Геннадий Головкин де бар.

WBC өкілдерінің айтуынша, Димашқа мұндай құрмет көрсету бастамасын ұйым президенті Маурисио Сулейман көтерген. Алайда денсаулығына байланысты ол салтанатты рәсімге қатыса алмады.

Ұйым өкілдері әншінің әлемдік музыкадағы жетістігін, бейбітшілік пен бірлікті насихаттаудағы еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ спорт пен өнердің адамзатты біріктіретін ортақ құндылық екенін атап өтті.

Димаш Құдайберген WBC өкілдеріне көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, бұл марапат Қазақстан мен Мексика арасындағы достықтың жарқын белгісі екенін жеткізді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам