Рауан Игенев World Boxing комитетінің төрағасы атанды

Қазақстандық маман World Boxing ұйымының Спорт және жарыстар комитетін басқарады

ҚБФ
ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясы президентінің халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Рауан Игенев World Boxing ұйымының Спорт және жарыстар комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұл шешім Панама қаласында өткен халықаралық ұйымның конгресінде қабылданды.

Жиынға әлемнің 100-ге жуық елінен делегат қатысты. Конгресс барысында әлемдік бокстың даму бағыттары мен алдағы реформалар талқыланды.

Сондай-ақ жарыстарда жасанды интеллект технологияларын сынақтан өткізу мәселесі көтеріліп, ерлер боксында қорғаныс дулығаларын қайта енгізу туралы ұсыныс қабылданбады.

Рауан Игенев басқаратын комитет жарыстың техникалық ережелерін әзірлеу, салмақ дәрежелерін белгілеу, турнирлер күнтізбесі мен жарыс форматтарын қалыптастыруға жауап береді. Сонымен қатар әлемдік рейтинг, спортшыларды іріктеу және жеребеге бөлу жүйелерін реттеуге қатысады.

Комитеттің ұсыныстары World Boxing ұйымының Атқарушы комитетінің қарауына ұсынылады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам