Өзбекстан өкілі Геннадий Головкиннің орынбасары болып сайланды

Сайлау 20 қарашада Панама астанасы Панама-Ситиде өтті

World Boxing
World Boxing

Өзбекстан бокс федерациясының бас хатшысы Миршохид Тиллабоев World Boxing халықаралық ұйымының вице-президенті болып сайланды. Бұл ұйымды Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин басқарады.

Сайлау 20 қарашада Панама астанасы Панама-Ситиде өткен World Boxing конгресінде ұйымдастырылды. Дауыс беруге 95 ұлттық бокс федерациясының өкілдері қатысты.

Өзбекстан бокс федерациясының мәліметінше, Миршохид Тиллабоев өзге үміткерлерден басым түсіп, ұйымның вице-президенті қызметіне тағайындалды. Осылайша, ол World Boxing басшылығындағы жоғары лауазымға қол жеткізген алғашқы өзбекстандық өкіл атанды.

Айта кетейік, аталған қызметке Қазақстанның спорт функционері Рауан Игенев те үміткер болған.

Бұған дейін Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Азия және Еуропа бойынша вице-президенті болып сайланған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам