Нидерландтық боксшы Иман Хелифпен жекпе-жектен бас тартты

Бұл Хелифтің Олимпиададағы жеңісінен кейін алғашқы жекпе-жегі еді

Peter Cziborra/Reuters
Peter Cziborra/Reuters

Нидерландтық боксшы Кларида Сарабия Париж Олимпиадасының чемпионы Иман Хелифпен өтетін жекпе-жекке шықпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Algemeen Dagblad басылымы хабарлады.

Қос боксшының кездесуі 15 желтоқсанда Парижде өтуі керек болған. Бұл жекпе-жек Хелифтің Олимпиададағы жеңісінен кейін шаршы алаңға қайта оралуы тиіс алғашқы кездесуі болар еді.

Алайда 21 жастағы Сарабияның менеджері Поррес Сарабия келіссөздер барысында бірқатар келіспеушілік туындағанын айтып, жекпе-жекті өткізуден бас тартқан. Оның сөзінше, Хелифтің командасы кейбір шарттар көңілінен шықпаса, басқа қарсылас табатынын айтып, қысым көрсеткен.

Менеджер Хелифтің денсаулығына қатысты медициналық мәліметтерді сұратқаннан кейін де қарсылыққа тап болғанын жеткізді.

«Менің міндетім – боксшымның қауіпсіздігі мен мүддесін қорғау. Осы жағдайлардың барлығы жекпе-жектен бас тарту туралы шешім қабылдауыма себеп болды», – деді ол.

Еске салайық, 2023 жылы Иман Хелиф гендерлік тесттен өте алмағаны себепті Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатына қатыстырылмаған еді. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам