«Тозақтың ішінде жүргендей болдым»: Тайсон Фьюри Кличконы жеңген соң шизофренияға шалдыққан

Telegram WhatsApp

Фьюри депрессияға түсіп, алкоголь мен есірткіге тәуелділігін күшейткен

Getty Images
Getty Images

Британдық боксшы Тайсон Фьюри психикалық денсаулығына байланысты ауыр кезеңді бастан өткергенін айтты. Ол өзіне және отбасына қауіп төндіретін дауыстарды естігенін де жасырмады.

Боксшының жұбайы Пэрис Фьюридің шизофрения диагнозы туралы Netflix деректі фильмінде айтқан. Тайсонның өзі де сол кезеңдегі жағдайы мен қандай белгілерді бастан өткергенін баяндады.

Оның айтуынша, ауыр күй 2015 жылы Владимир Кличконы жеңгеннен кейін басталған. Әлем чемпионы атанғанына қарамастан, Фьюри депрессияға түсіп, алкоголь мен есірткіге тәуелділігін күшейткен.

«Қандай қараңғылықтың ішінде болғанымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл тозақтың отын өз көзіңмен көргендей еді. Ақырында есігі құлыпталған бөлмеге қамалатыныма жүз пайыз сенімді болдым. Бұл мені қатты қорқытты», – деді боксшы.

2016 жылдың маусымында Фьюри жүрек талмасына күдікпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Пэрис сол кезде күйеуінің қатты қорыққанын және өзін біреулер аңдып, өлтірмекші деп ойлағанын айтты.

Тайсон Фьюри өзіне және отбасына қоқан-лоқы көрсеткен дауыстарды естігенін де жеткізді. Оның айтуынша, радио өзімен сөйлесіп тұрғандай көрінген, сондай-ақ өзін улап жатыр деп ойлаған.

Кейін психиатрға қаралған боксшы тексеруден өтті. Фьюри өз бойынан депрессия, мазасыздық және биполярлық бұзылыс белгілерін байқағанын еске алды. Ал жұбайының айтуынша, маман оған шизофрения диагнозын қойған. Бастапқыда Пэрис бұл қорытындыға сенбегенімен, кейін дәрігер сипаттаған белгілер күйеуінің жағдайына сәйкес келетінін түсінген.

Қазір Фьюри апта сайын психиатрға барып, ем-дом мен қолдауды жалғастырып жүр. Ол 11 желтоқсанда Кардиффте өтуі жоспарланған Энтони Джошуаға қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 53 621 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 200 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 464 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 513 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 268 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 153 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 263 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 796 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 493 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 307 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 294 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 460