«Головкиннен асып түскім келеді»: Төрехан Сабырхан қандай боксшы болғысы келетінін айтты

Telegram WhatsApp

Ол қазақстандықтарды таң сәріде оятып, әлемді өзіне қаратуды армандайтынын да жасырмады

ҚБФ
ҚБФ

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан алдағы спорттық мансабына қатысты армандары мен жоспарлары туралы айтты.

Жас талант алдымен Олимпиада алтынын жеңіп алып, кейін кәсіпқой бокста Геннадий Головкиннің рекорды мен даңқынан асып түсуді көздейді.

«Головкин ағамызды қазір бүкіл әлем таниды. Алла қаласа, одан асып түсу – менің мақсатым. Олимпиада чемпионы атансам, кәсіпқой бокстағы көптеген промоутерлер өздері келеді. Мен оларға емес, олардың маған келгенін қалаймын»

Жас боксшы екі дүркін Олимпиада чемпионы Василий Ломаченконың жолын үлгі тұтатынын атап өтті. Ол кәсіпқой рингке толық ауысқанда келісімшарт талаптары мен қарсыластарын ешкімге тәуелді болмай, өзі таңдауды мақсат етеді. Қазақстандық жанкүйерлердің кезінде Головкиннің жекпе-жектерін көру үшін таңсәріде оянғанындай, өзінің де айқастарын дәл солай асыға күткенін армандайды.

Айта кетейік, Төрехан Сабырханның кейінгі жылдары халықаралық турнирлерде топ жарып келеді:

  • 2025 жыл: «Странджа» халықаралық турнирінің жеңімпазы әрі үздік боксшысы атанды;
  • 2025 жыл: Ливерпульдегі әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан бокс тарихындағы ең жас әлем чемпионы ретінде тіркелді;
  • 2025 жыл (сәуір): Астанада кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуін өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңді;
  • 2026 жыл: Азия чемпионатының күміс жүлдегері және Азия ойындарының чемпионы атанды.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 38 105 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 59 574 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 24 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 38 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 48 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 439 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 334 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 535 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 584 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 291 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 174 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
12
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Бетис
12
6
Арсенал
11
7
Манчестер Сити
10
8
Боруссия (Дортмунд)
10
9
Астон Вилла
9
10
Ливерпуль
9
11
Брюгге
9
12
Спортинг (Лиссабон)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›