«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Канело үшін бірінші кезектегі мақсат — америкалық Теренс Кроуфордпен реванш
Екінші орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварестің (64-3-2, 39 КО) бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо мексикалық боксшының алдағы жоспарлары мен басты қарсыластары туралы айтты.
Оның сөзінше, Канело үшін бірінші кезектегі мақсат — америкалық Теренс Кроуфордпен қарымта кездесу өткізу. Егер бұл жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкін болмаса, Рейносо ресейлік Дмитрий Биволмен қайта жұдырықтасу нұсқасын да жоққа шығармайды.
— Тыңдаңыздар, мен Кроуфордпен дереу қарымта жекпе-жек өткізгім келеді. Ол боксқа қайта оралады деп үміттенемін — меніңше, өзі де бір жерде оралуы мүмкін екенін айтқан еді. Онымен қарымта айқас жасағым келеді. Ал егер сәті түспесе, болашақта Биволмен де қарымта жекпе-жек өткізгіміз келеді
Сондай-ақ бапкер бірінші ауыр салмақта украиналық Александр Усик пен америкалық Дэвид Бенавидес арасында өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Рейносоның айтуынша, командасының сауатты жұмысының арқасында суперауыр салмақтан бірінші ауыр дивизионға ауысу украиналық боксшыға еш қиындық тудырмайды. Ол Усиктің тәжірибесі мен Бенавидестің жастығы және соққы қуаты есебінен бұл кездесу өте тартысты өтеді деп есептейді.
Еске салайық, Канело Биволмен 2022 жылдың мамырында, ал Кроуфордпен 2025 жылдың қыркүйегінде кездесіп, екеуіне де ұпай санымен есе жіберген болатын. Мексикалық боксшы соңғы жекпе-жегін 2026 жылғы 31 қазанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткізіп, франциялық Кристиан Мбиллиді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді және екінші орта салмақтағы WBC әлем чемпионы титулын қайтарып алды.