«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Жүсіпов Рио-де-Жанейро және Токио Олимпиадаларында ел намысын қорғады
Бокстан әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов келесі Олимпиада ойындарынан кейін спорттық мансабын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы спортшы «Бүгін.LIVE» бағдарламасында айтты.
Абылайхан Жүсіпов жеті жасынан бастап бокспен айналысады. 17 жасында жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанып, кейін Рио-де-Жанейро және Токио Олимпиадаларында ел намысын қорғады.
Әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері атанған боксшы 2025 жылы Дубайда көптен күткен алтын медальді жеңіп алса, биыл Қытайда өткен Әлем кубогында топ жарды.
Қазір спортшының жасы 29-да, соның 22 жылын спортқа арнаған. Оның айтуынша, алдағы олимпиадалық цикл спортшы ретіндегі соңғы кезеңі болмақ.
— Бұйырса, бұл менің соңғы олимпиадалық циклім болады. Лицензия алып, Олимпиадаға қатысып, чемпион болып оралсам — мен үшін үлкен қуаныш. Ал ондай мүмкіндік бұйырмаса да, Олимпиадаға дейін жас інілеріме үлгі болып, қолдау көрсетіп, жандарынан табылуға дайынмын
Боксшы болашақта нақты қай салада еңбек ететінін әлі түпкілікті шешпеген. Алайда Қазақстанда қалып, елге қызмет етуді көздейді. Өзіне жақын бағыттардың бірі ретінде спорттық менеджментті атап өтті.