Ташкенттегі әлем кубогы: Қазақстанның 11 боксшысы кімдермен жұдырықтасады?

Telegram WhatsApp

Жеребе қорытындысы бойынша ерлер құрамасының алты боксшысы жарыс жолына шығады

ҚБФ
ҚБФ

Ташкентте (Өзбекстан) өтетін World Boxing ұйымының әлем кубогы финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы кімдермен жұдырықтасатыны белгілі болды.

Жеребе қорытындысы бойынша ерлер құрамасының алты боксшысы жарыс жолына шығады.

50 келіде Даниял Сәбит ширек финалда өзбекстандық Шодиёржон Меликузиевпен кездеседі. 70 келіде Фарух Тоқтасыновтың қарсыласы – қырғызстандық Ихтияр Нишонов.

75 келіде Аман Қонысбеков ресейлік Сергей Сергеевпен қолғап түйістірсе, 80 келіде Өнер Сейілхан қырғызстандық Алмаз Орозбековке қарсы шығады.

Ал 85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы жарысты жартылай финалдан бастайды. Оның қарсыласы Идар Занилов (Ресей) пен Норбек Абдуллаев (Өзбекстан) арасындағы жекпе-жектен кейін анықталады. 90 келіде Дәулет Төлемісов жартылай финалға шығу үшін үндістандық Харш Чоудхаримен жұдырықтасады.

Әйелдер құрамасының қарсыластары

Қазақстан әйелдер құрамасынан бес боксшы жарысқа қатысады.

57 келіде Карина Ибрагимова ширек финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Шинь И Умен кездеседі. 70 келіде Бақыт Сейдіш қытайлық Янь Лиге қарсы шықса, 75 келіде Шұғыла Нәлібай ресейлік Елена Гапешинамен жұдырықтасады.

80 келіде Валерия Аксенова үндістандық Наинамен күш сынасады.

Ал +80 келіде Дина Исламбекова жарысты жартылай финалдан бастайды. Оның қарсыласы – Үндістан өкілі Альфия Патхан.

Осылайша, Қазақстан құрамасының 11 боксшысы Ташкенттегі әлем кубогының финалдық кезеңінде ел намысын қорғайды.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 48 665 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 60 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 57 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 172 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 240 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 123 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 115 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 591 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 377 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 542 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 587 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 297
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›