Ағылшын футболының алыбы Чемпионшипке түсіп қалуы мүмкін бе?
Карина Ибрагимова әлем кубогының алтынына бір қадам жақындады
Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде ақтық сынға шықты.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда сербиялық Наталья Шадринамен кездесіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Карина Ибрагимова әлем кубогының алтын медалі үшін жұдырықтасады.
Айта кетейік, Ташкенттегі әлем кубогының финалдық кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Жарыстың шешуші жекпе-жектері 3 желтоқсанға жоспарланған.