Ағылшын футболының алыбы Чемпионшипке түсіп қалуы мүмкін бе?
Бернард Гарднер кәсіби мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді
АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өткен бокс кешінде америкалық орта салмақтағы Бернард Гарднер (4-1-1, 3 КО) мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Ол отандасы Итан Траутпен (0-3-1) қолғап түйістірді. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Гарднер қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Осылайша, Бернард Гарднер кәсіби мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Оның еншісінде үш нокаут, бір жеңіліс және бір тең нәтиже бар.
Ал Итан Траут әлі күнге дейін кәсіпқой бокста жеңіске жете алмай келеді. Ол үшінші рет жеңіліп, бір жекпе-жегін тең аяқтады.