Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасын ала алмады

11.03.2024, 22:47

Оның жолын бртан боксшысы кесті

Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасын ала алмады
Қазақстан бокс федерациясы

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық Валентина Хальзова ширек финалда жеңіліп, Париж олимпиадасының жолдамасын ала алмады.

Отандасымыз шешуші жекпе-жекте ұлыбританиялық Синди Нгамбамен кездескен болатын. Алғашқы екі раунд бойы басымдық танытқан ағылшын боксшысы үшінші раундта Хальзованы нокдаунға жіберіп, кездесу сонымен біржола аяқталды.

Бұған дейін 92 келіде Айбек Оралбай Париж олимпиадасының жолдамасына ие болған еді. Сондай-ақ, алда Қазақстан құрамасының тағы 5 боксшысы жолдама үшін өтетін шешуші жекпе-жекке шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам