Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Армения Бокс федерациясының басшысы Италиядағы лицензиялық турнирді циркке теңеді

13.03.2024, 03:36

Армян боксшылары Олимпиадаға бірде-бір лицензия ала алмады

Армения Бокс федерациясының басшысы Италиядағы лицензиялық турнирді циркке теңеді
eubc-boxing.org

Армения Бокс федерациясының президенті Ованес Овсепян Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирдің төрелігі әділетсіз болды деп есептейді. Ол әлемдің қауымдастықтар мен құзырлы ұйымдарға үндеу жасап, жарыстағы қателіктерге мән беруге шақырды деп жазады Sportball24.com.

«Спортта жеңімпаздардың сыртынан әңгіме айтпайды. Алайда, үнемі әділдік туралы айтып жүретін адамдар мен ұйымдар бұл жолы әділетсіздікке барды, спортшылар мен бапкерлердің жылдар бойы төккен тері мен дайындығын зая етті. Италиядағы Олимпиадаға жолдама беретін турнир циркке ұқсады, біз мұнда ұяттан безген төрешілерді көрдік, олар аса жоғары әртістік шеберлігімен шешім қабылдады. 

Біздің боксшылар аталған жарысқа өте жақсы дайындықпен келген еді және кемі үш салмақта жеңімпаз болуымыз керек еді. Алайда, «әділетті» төрешілер өзінің арам ісін жасады. Атап айтқанда, Рафаэль Оганесян, Нарек Манасян және Гурген Мадоянның жекпе-жектерінде төрешілер бірінші раундтағы айқын жеңісімізді тартып алды. Бұл олардың «қара бизнесі». 

Мен Армения Бокс федерациясының президенті және EUBC мүшесі ретінде барлық құзырлы органдардан аталған әділетсіздіктерге түсінік беруін талап етем», - деді Овспеян әлеуметтік желідегі парақшасында.

Италиядағы турнирде армян боксшылары бірде-бір лицензия ала алмады. Енді олар өз бағын Тайландта өтетін турнирде сынап көреді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам