Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Сауль «Канело» Альварес келесі жекпе-жегінде 35 миллион доллар гонорар алады

14.03.2024, 14:13

Бұл қаражат жекпе-жектен соң тағы өсуі мүмкін

Сауль «Канело» Альварес келесі жекпе-жегінде 35 миллион доллар гонорар алады
Getty Images

Кәсіпқой бокстан супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес (60-2-2, 39 КО) келесі жекпе-жегін өзінің жерлесі Хайме Мунгияға (43-0, 34 КО) қарсы өткізеді.

Қос чемпион арасындағы бокс кеші 4 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Альварес жеңсе де, жеңілсе де кепілдендірілген 35 миллион доллар гонорарын алады. Ал, қарсыласының қанша алатыны әзірге айтылған жоқ.

«Мен осындай жекпе-жек ұйымдастыра алғаныма қуаныштымын. Қос мексикалық боксшының айқасы – көптен бері болмаған үлкен шоу. Мұндай мүмкінідк Хайме секілді мықты боксшыға түскені де мен үшін қуанышты жайт. Мексикалық боксшыларды үлкен аренада қарсы алатыны көңіл қуантады», - деді Сауль Альварес баспасөз мәжілісінде.

Мунгия да осынау бокс кешін ұйымдастырып жатқандарға алғысын айтып, 4 мамырда бүкіл әлем үшін естен кетпес керемет жекпе-жек өткізуге уәде берді.

Хайме Мунгия кәсіпқой бокстағы мансабын 2013 жылы бастап, 2018 жылы алғашқы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. Чемпиондық титулын 5 рет қорғаған соң ол 2020 жылы орта салмаққа, 2023 жылы екінші орта салмаққа ауысты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам