![Серік Сәпиевтің ҰОК-тегі функциясы өзгерді](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/03/15/65f45f6d2d5dc323223329.jpg)
Ол енді ұлттық құрамаларға ғана жауап береді
Ұлттық Олимпиада комитетіне вице-президент болып тағайындалған Серік Сәпиев өзінің қызмет бағыты ауысқанын мәлімдеді.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеджазба жариялады.
«Жақында БАҚ беттерінде мені ҰОК паралимпиадалық спорт бойынша вице-президент лауазымы бойынша тағайындағаны туралы жазды. Жарғы бойынша ҰОК президент вице-президенттердің жұмыс бағытын нақтылай алады. Осы орайда мені ұлттық құрамалар бойынша вице-президент етіп бекітті. Жағдай осылай болды. Менің ойымша, ҰОК-де паралимпиадалық спорт түрі бойынша бағыт болмауы керек. Себебі бұл бойынша арнайы бөлек ұйым бар», - деді Серік Сәпиев.
Ақпан айының 26 күні Астанада өткен ҰОК-нің Ассамблеясында жаңа президент сайланып, бірнеше вице-президент тағайындалған болатын. Соның ішінде Серік Сәпиев паралимпиадалық бағытқа жауап беретіні айтылған еді.