Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Дәурен Елеусінов ирландиялық боксшыдан нокаутпен жеңілді (ВИДЕО)

16.03.2024, 10:15

Бұл оның кәсіпқой рингтегі төртінші жеңілісі

Дәурен Елеусінов ирландиялық боксшыдан нокаутпен жеңілді (ВИДЕО)
Фото ашық дереккөзден

Кәсіпқой бокстан алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (11-3-1, 10 КО) Нью-Йоркте өткен бокс кешінде ирландиялық Каллум Уолштан (9-0, 7 КО) техникалық нокаутпен жеңілді.

Он раундқа жоспарланған жекпе-жек тоғызыншы раундта уақытынан бұрын аяқталды. Дәурен қарсыласынан бірнеше ауыр соққы алғаннан соң рефери кездесуді тоқтатуды жөн деп тапқан.

Айта кету керек, жеңімпазға WBC Continental Americas титулы берілді.

Каллум Уолш осылайша өз мансабындағы оныншы жекпе-жегіне қол жеткізді және ол мүлдем жеңілмеген. Елеусінов болса төртінші рет жеңілді. Былтыр қазан айында ол танзаниялық боксшы Пиус Мпендеден ұтылған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам