Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Атақты Ла Круз Париж Олимпиадасына жолдама алды

27.10.2023, 23:45

Ол Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы

Атақты Ла Круз Париж Олимпиадасына жолдама алды
Фото ашық дереккөзден

Кубалық боксшы Хулио Сезар Ла Круз Чилидің Саньтяго қаласында өтіп жатқан Панамерика ойындарының финалына шықты. Осылайша ол Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Екі дүркін Олимпиада, бес дүркін әлем чемпионы үшін бұл төртінші олимпиада болмақ. Әзірге Куба елінен үш боксшы – Сейдел Орта, Арлен Лопес және Ла Круз Париж ойындарына жолдама жеңіп алды. Қалғандары келесі жылы әлемдік іріктеуге қатысады.

Ал, Қазақстаннан тек бір ғана боксшы – Қамшыбек Қоңқабаевта ғана Олимпиадаға «билет» бар. Қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында ол финалға дейін жетіп, жарыстың күміс жүлдегері атанған болатын. Ал, басқа боксшыларымыз жолдамасыз қалды. Енді олар алдағы ірі екі турнирге қатысып, Олимпиада жолдамасы үшін күресетін болады.

Айта кетейік, Хулио Сезар Ла Круз 2019 жылы әлем чемпионатында жартылай финалда қазақ боксшысы Бекзат Нұрдәулетовтен жеңілген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт