Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бокстан қыздар құрамасының бапкері Ангелина Лукастың айыптауларына жауап берді

19.03.2024, 15:36

Ол Лукастың шешуші жекпе-жектерде жеңіліп қалғанын айтты

Бокстан қыздар құрамасының бапкері Ангелина Лукастың айыптауларына жауап берді
olympic.kz

Бокстан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Шамиль Сафиуллин кәсіпқой боксшы Ангелина Лукастың айыптауларына жауап берді. Tengri Sport тілшісіне сұхбат берген маман құрамадағы іріктеулердің бәрі әділ өтетінін айтып отыр.

Есте болса, осыдан бірер күн бұрын Лукас журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, қыздар құрамасында орындардың әділетсіз бөлінетінін, бас бапкердің көп жайтты елеусіз қалдыратынын айтқан болатын.

«Лукас Шекербекованың әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қандай принцип бойынша барғанын сұрап отыр. Айтайын. Өткен жылы бізде Спартакиадада іріктеу болды. Ол кезде Жайна 54 келіде бірінші орын алып, Азия ойындарында ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Ангелина да осы салмақта қатысып, Балауса Мұздыманға жеңіліп қалды. Сондықтан, оны біз Азия ойындарына апарған жоқпыз», - деді Ш.Сафиуллин.

Күні кеше Италиядағы лицензиялық турнирде қыздар құрамасы түгел жеңіліп, Олимпиадаға жолдама ала алмай қайтқан еді. Бас бапкер Тайландқа қайта іріктеу жүргізетінін айтты. Алайда, Ангелина Лукастың бұл турнирге баратын мүмкіндігі нөлге тең.

«Біз оны қазір іріктеуге шақыра алмаймыз. Өйткені, ол біздің құрамамен бірге жаттыққан жоқ, оқу-жаттығу жиынынан өтпеді, үлкен жарыстарда өнер көрсетуге қажетті жүктемені алған жоқ. Біз бес салмақ бойынша 21-22 сәуірде спарринг өткіземіз. Жайна Шекербекова Спартакиадада екінші орын алған Анель Сақышпен жекпе-жек өткізеді», - деді бас бапкер.

Айта кетейік, қазір Қазақстанның қыздар құрамасында Олимпиадаға тек бір ғана жолдама бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам