Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Ресей боксшылары Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды

19.03.2024, 22:34

Спорт шенеуніктері дүбірлі додаға Ресей туынсыз қатысу – отанды сатумен бірдей деп отыр

Ресей боксшылары Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды
Ресей бокс федерациясы

Ресей боксшылары Париж Олимпиадасына қатыспайды. Бұл туралы Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Татьяна Кириенко мәлімдеді.

ТАСС агенттігіне берген пікірінде Кириенко Тайландта өтетін лицензиялық жарысқа ресейлік боксшылардың қатыспайтынын кесіп айтты. Оған басты себеп – ХОК-тың Ресей спортшыларын бейтарап ту астында қатысуға ғана рұқсат беруі. Ресей боксшылары мұндай мүмкіндікті пайдаланудан бас тартқан.

«Ресей боксшылары ешқашан бейтарап ту астында өнер көрсетпейді. Бұл отанды сатумен тең», - деді Татьяна Кириенко.

Айта кететін жайт, 2020 жылы Ресей спортшылары Токио Олимпиадасына Ресей Олимпиада комитетінің туымен қатысқан болатын. Сол сында орыс спортшылары жеңіске жеткенде Ресей әнұраны орындалған жоқ. Десе де, Токиода орыстар бокстан 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам