Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Литвада өтіп жатқан турнирде Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты

22.03.2024, 16:27

Бір боксшымыз қарсыластың болмауына байланысты финалға шықты

Литвада өтіп жатқан турнирде Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты
Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирдің жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді. Бұл кезеңде Қазақстанның 10 боксшысы бар.

Атап айтқанда, Даниял Сәбит (51 кг), Асылжан Серікбай (57 кг), Алмат Әбдуәли (60 кг), Жандос Қыдырәлиев (63,5 кг), Елнұр Сүйінбай (67 кг), Фарух Тохтасынов (71 кг), Азамат Бектас (75 кг), Тұрсынбай Құлахмет (80 кг), Абзал Құттыбеков (86 кг), Аманат Сабырғали (+92 кг) финалдық жолдама үшін айқасатын болады.

Ал, 57 келідегі боксшысымыз Нұрсұлтан Алтынбек командаластарын финалда күтіп тұр.

Жартылай финал жекпе-жектері Қазақстан уақытымен 22 наурызда сағат 19:00-де басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам