Бүгін, 24 наурызда, Бакуде (Әзірбайжан) "Ұлы Жібек жолы" атты халықаралық бокс турнирі басталады, онда Қазақстан спортшылары да қатысады, деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары төменде көрсетілген.
- 48 кг. Теміртас Жүсіпов — Турал Сариев (Азербайджан)
- 51 кг. Дамир Әбдіқадыр — Мехди Парвизи (Иран)
- 54 кг. Тимур Қабешов — Максим Кузнецов (Россия)
- 60 кг. Талғат Сырымбетов — Марк Балог (Венгрия)
- 63,5 кг. Серік Теміржанов — Руслан Рустамов (Азербайджан)
- 67 кг. Бақтияр Смағұлов — Жакшылык Талайбеков (Кыргызстан) / Шавкатджон Болтаев (Узбекистан)
- 71 кг. Дархан Дүйсебай — Наби Искандаров (Азербайджан)
- 75 кг. Тимур Нұрсеиітов — Алишер Аюбов (Узбекистан)
- 86 кг. Бекзат Таңатар — Самандар Джалолов (Узбекистан)
- 92 кг. Сағындық Тоғамбай — Фуад Джафаров (Азербайджан)
- +92 кг. Қамшыбек Қоңкабаев — Рамазан Карнукаев (Россия).
Турнир 28 наурызда мәресіне жетеді.