Қазақстан сапында әлем чемпионатының жүлдегерлері бар
Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуде «Ұлы жібек жолы» дәстүрлі халықаралық турнир басталады. 11 елден 121 боксшы сынға түсетін бәсекеде Қазақстан құрамасы да бар.
Қазақстан және Әзірбайжан құрамасынан бөлек, турнирде Өзбекстан, Ресей, Польша, Қыргызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкстан және Венгрия боксшылары да бақтарын сынамақ.
Турнирдің жеребе тарту рәсімі өтіп, боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары анықталды.
Турнир 28 наурызда мәресіне жетеді.