Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық боксшы халықаралық додада үздік атанды

24.03.2024, 13:49

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Каунастағы турнирде тағы бес боксшы алтыннан алқа тағынды

Қазақстандық боксшы халықаралық додада үздік атанды
фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов Каунаста (Литва) өткен Альгирдас Шоцикас халықаралық турнирінде алтын жеңіп алып, жарыстың үздік спортшысы деп танылды, деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметі.

Бұл турнирде 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тоқтасынов алдымен поляк Матеуш Урбанды жеңіп, одан кейін украиналық боксшы Александр Трофимчукты ұтып, финалда Украинаның тағы бір өкілі Максим Молоданнан мықты болды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Каунастағы турнирде тағы бес боксшы алтыннан алқа тағынды: Асылжан Серікбай (57 келі), Жандос Қыдыралиев (63,5 келі), Елнұр Сүйінбай (67 келі), Азамат Бектас (75 келі) және Тұрсынбай Құлахмет (80 келі).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам