Бұл нокаутты IBA жоғары бағалады
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» турнирінде қырғызстандық Санжар Сейдакматов тәжік қарсыласын ауыр нокаутпен жеңіп, жарыстың келесі айналымына шықты.
57 келіде өнер көрсететін қырғыз боксшысы жартылай финалдық жекпе-жекте Тәжікстан өкілі Бузургмехр Иксановпен жұдырықтасқан. Небәрі бірінші раундта Санжардың ауыр соққысы қарсыласына дәл тиіп, ол бірнеше секундқа есін жоғалтып алды. Ал, орнынан тұрмақ болғанда тепе-теңдік сақтай алмай тағы ауып кетті.
Халықаралық бокс қауымдастығы бұл нокаутты жоғары бағалап, видеосын әлеуметтік желіде жүктеді.
Айта кетейік, аталған жарыста бүгін қазақ боксшылары да бағын сынайды.