Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Халық алдында шешеміз»: Бокс федерациясы жалғыз жолдамаға кімдердің таласатынын айтты

29.03.2024, 00:41

Бұл салмақта ұлттық құрамада алты боксшы бар

«Халық алдында шешеміз»: Бокс федерациясы жалғыз жолдамаға кімдердің таласатынын айтты
olympic.kz

Еліміздің бокс федерациясы 63,5 келіде лицензиялық жарысқа баратын боксшыны анықтауда барлық үміткерге тең мүмкіндік беріліп отырғанын мәлімдеді. Федерацияның атқарушы директоры Рауан Игенев спарринг өткізу идеясының қалай пайда болғанын атады.

Сәуір айының 8-10 күндері Париж Олимпиадасына жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне баратын боксшы ресми түрде спарринг арқылы анықталады.

Бұған дейін ұлттық құраманың боксшылары олимпиадалық жеті салмақтың алтауында Париж жолдамасына ие болды. Енді тек 63,5 келідегі лицензия мәселесі қалып отыр.

«Біз 63,5 келі салмақтағы барлық боксшыға мүмкіндік беруді жөн көрдік. Осы салмақта бұрыннан жүрген боксшылар Ертуған Зейнуллинов, Жандос Қыдырәлиев, Мұхаммедсабыр Базарбайұлына да, жастар құрамасындағы Төрехан Сабырхан да, осы салмаққа жақында ауысқан Серік Теміржанов та, салмағын енді реттеп, 63,5 келіге түсірген Дулат Бекбауов та шаршы алаңға шығады. Сонда ешкімнің бізге де, бапкерлерге де сұрағы болмайды деп ойлаймын. Бәрін әділетті түрде халықтың алдында шешеміз», - деді Рауан Игенев.

Сондай-ақ, басшылық тарап Дулат Бекбауовтың да әлеуетін жаңа салмақта байқап көрмек ниетте екенін жеткізді.

«Бокс біздің меншігіміздегі нәрсе емес. Бұл ең алдымен халыққа керек дүние. Сондықтан, мұндай кезде жанкүйер пікірімен санасқан да дұрыс. Ешкімнің ішінде өкініш қалмайды. Олимпиадалық салмаққа ауысты ма, ендеше Дулаттың да шамасын байқаймыз. Біздің түпкі мақсатымыз – Олимпиада ойындарына жолдама алып, Парижде ел намысын абыроймен қорғау. Сол жолда қызмет етуді жалғастырамыз», - деді ҚБФ Атқарушы директоры Рауан Игенев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам